Қазақстандықтар Қорғаныс министрінен хабарламалар «алуда»

Просмотров: 40

Қазақстан Қорғаныс министрлігі 31 шілде күні ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың атынан таралып жатқан жалған хабарламаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 247media.kz

«Мессенджерлерде ҚР Қорғаныс министрінің атынан жалған мәліметтерді қамтитын ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратты интернет-алаяқтар таратып жатқанын ескертеміз», — делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарды жалған хаттарға сенбеуге шақырды.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынанан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тараған болатын.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған