Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел мен бала құқығын қорғау айтарлықтай қолға алынған
Үкімет мәліметінше, 2024 жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 72 мың қорғау нұсқамасы, сондай-ақ 16 мың жағдай бойынша сот шешімдері қабылданды.
«Сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарына айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бүгінде елімізде осындай 69 орталық жұмыс істейді»,- делінген мәліметте.
Оған жыл басынан бері 5,5 мың әйел, оның ішінде 3,7 мыңы балалары бар ана жүгінген.
Мәселен, соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстар саны екі есеге азайған. Атап айтқанда келесідей қысқарды.
- зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға,
- кісі өлтіру 49,3%-ға,
- ауыр дене жарақатын салу 8,7%-ға.
Сондай-ақ, балалар құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу саласында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар жыл басынан бері 35 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс, оның ішінде суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 127 сайт анықталды.
Бұған дейін Павлодар облысында 400-ге жуық берекесіз отбасы есепке қойылғаны хабарланған болатын.