Ұландықтар қаржылық сауаттылық курсын тәмамдады.

Просмотров: 39

Ағымдағы жылдың 16-21 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Аманат партиясы ұйымдастырған Қарызсыз қоғам жобасына қатысқан болатын.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл курс барысында әскери қызметкерлер, ақшаны дұрыс басқаруды, қаржылай сауатты болуды және де пассив кірістер туралы ақпараттар ала білді. Сонымен қатар, әскери қызметкерлер ұйымдастырушыларға өздерін толғандырған сұрақтар қойып мардымды жауаптар ала білді.


– Бүгінгі іс-шарада біз қаржылай сауаттылық ұғымымен танысып, түскен табысымызды сауатты басқаруды үйрендік. Сондай-ақ, пассив кірістер деген не екенімен таныса алдық.- деп мәлімдеді 3517 әскери бөлім қызметкері Жанара Маканова.
Сонымен қатар курс соныңда, барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттар табысталды.

 

 

 

ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған