Мемлекеттік мерекелер өзгеруі мүмкін

Просмотров: 76

Алдағы уақытта күнтізбедегі мемлекеттік мерекелер өзгеруі мүмкін. Парламент Мәжілісіне Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасы ұсынылды.

Мұндай бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қорытындысында көрініс тапқан.

Қорытынды мәтінінде мұндай өзгеріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін енгізілетіні айтылған.

Сонымен, аталмыш заң жобасына мынадай нормалар ұсынылып отыр:

– 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;

– 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу.

– 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау.

Заң жобасын қараған Мәжіліс депутаттары оған қолдау білдірді. Осылайша еліміздің күнтізбесіне жаңа ұлттық мереке енгізілді. Нақты айтқанда, қайтарылды.

– Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды, – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған