«Орталық» өңірлік қолбасшылығында үздік рота командирі анықталды
Ағымдағы жылдың 2-4 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығында «Үздік әдіскер-рота командирі» сайысының 2 ші кезеңі өткізілді.
Аталмыш сайысқа 7 әскери бөлімде өткізілген бірінші кезеңнің жеңімпаздары атанған рота командирлері келді. Үш күнге созылған сайыс барысында офицерлердің білім деңгейлері дене шынықтыру дайындықтары, ату және саптық дайындығы, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы мен мемлекеттік тілді білу бойыншы білімдері тексерілді.
Тартысқа толы болған сайыс қорытындысы бойынша Теміртау қаласында орналасқан 5516 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы ротасының командирі капитан Дүйсенәлі Мейіржан жүлделі бірінші орынды иеленді.
Бұл сайыс мен үшін өте қиынға соқты. Себебі біздің өңірлік қолбасшылықтағы әрбір рота командирі жақсы дайындықпен келген. Дегенмен мен бұл жарыста жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта өзімнің білімімді одан әрі шыңдап үздік нәтижелер көрсетуге тырысамын- деп атап өтті капитан Дүйсенәлі Мейіржан.
Естеріңізге сала кетейік, сонымен қатар 2-4 желтоқсан аралығында «Үздік әдіскер-батальон командирі», «Үздік әдіскер – батальон штаб бастығы», «Үздік әдіскер- батальон командирінің ТжӘҚЖ орынбасары». «Үздік әдіскер- рота командирінің ТжӘҚЖ орынбасары», «Үздік әдіскер-взвод сержанты», «Үздік әдіскер- бөлімше командирі» байқаулары да өткізілді.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі