Степногорскте Ұлттық ұлан академиясына түсу бойынша үгіт насихат жүргізілді

Ағымдағы жылдың басынан бастап еліміздің әрбір аумағында Ұлттық ұлан академиясына түсу жайлы үгіт-насихаттары жүргізіліп жүрген болатын. Сондай бір айтулы іс-шара, Степногорск қаласындағы мектептерде де өткізілді.

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың 6 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері, Степногорск қаласындағы 5 гимназия мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу аясында, Ұлттық ұлан акадлемиясына түсу бойынша тағлымды мәліметтер берілді.

Жоғары сынып оқушыларына арналған бұл іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты әскери патриоттыққа тәрбиелеу және Ұлттық ұланның жастар арасындағы имиджін көтеруіп, жастарды  жоғары әскери оқу орнына түсуге бағдарлау.

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта