Теміртауда құрылыс саласының майталмандары марапатталды
Құрылысшылар күніне орай Теміртау әкімдігі ардагерлер мен шаһардың индустриалдық-иновациялық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпорындардың өкілдерін, кәсіби құрылысшыларды құттықтады.
- Құрылысшылар күні асыл кәсіптік мерекесі. Бұл мереке мамандықтың беделін мойындау. Құрылысшылардың еңбегі мен біліктілігі қоғам сұранысына ие болғанда ғана мемлекеттік экономикалық тұрақтылық туралы айта аламыз. Біздің алдымызға қойған биік мақсаттарға қол жеткізудің кепілі сіздердің шеберліктеріңіз, кәсібилігіңіз, жауапкершілігіңіз бен жұмысқа деген адал көзқарасыңыз. Сіздердің баға жетпес үлестеріңіз бен орасан зор күш жігеріңіздің арқасында облыс үшін, және жалқы Қазақстан үшін елеулі нысандар іске қосылды. Жұмыстарыңыз қазақстандықттардың өмір сүру сапасын жақсартуда,-дейді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.
Қала басшысының құттықтау сөзінен кейін 16 сала маманы құрмет грамотасын, 7 адам «Qarmet» АҚ атынан алғыс хат алса, 4 ардагер ведомстволық наградаларға ие болды.
- Сіздерсіз өмірді елестету қиын. Барлық оқу орындары мен емханалар, тұрғын үйлердің барлығы сіздердің жұмыстарыңыз. Кәсіби жұмыстарыңыз бен баға жетпес еңбектеріңіз біздің өндірістің дамуына, қаланың және еліміздің дамуына септігін тигізеді. Сондықтан ең алдымен сіздерге алғысымды айтқым келеді. Мерекелеріңізбен құрметті құрылысшылар,-дейді «Qarmet» АҚ бас директорының орынбасары Евгений Хицко.