Титулға ие қазақстандық таэквондист мансабын аяқтады

Просмотров: 15
Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі таэквондист Смайыл Дүйсебай өзінің мансабын аяқтап, туған жері Шымкентте жаттықтырушылықты қолға алды, деп хабарлайды 247media.kz

Sportarena.kz мәліметінше, Дүйсебай жаңа қызметіне — балалармен жұмыс істеуге ендігі кірісіп кеткен.

28 жастағы спортшысын соңғы халықаралық жарысы 2023 жылғы Азиада болды, онда Смайыл + 80 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Оның мансаптағы басты жетістіктер: екі Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2016, 2021), Азия чемпионы (2018), Универсиаданың күміс жүлдегері (2019), клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы (2022), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), Азиаданың қола жүлдегері (2023).

Бұған дейін World Boxing Азия аумағында бокстың дамуы мен насихатталуын бақылау үшін жаңа Азия бокс конфедерациясының құрылғанын ресми түрде жариялады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған