1 тамыздағы саудада доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 1 тамыз күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды 247media.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,56 теңгеге көтеріліп, 474,71 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,60 теңгеге дейін көтерілді (+0,19).
Ақша айырбастау орындарында доллар 473,7-475,7 теңгеге, еуро 512,5-516,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 1 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 2,09 долларға қымбаттап, барреліне 80,72 долларды құрады.
Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,69 долларға өсіп, 78,6 долларды құрады.
Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,95 теңге, еуроны 513,38 теңге, рубльді 5,5 теңге деп белгілеген болатын.