Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдайды.
Кездесу 2026 жылғы 25 қарашада сағат 11:00-де Ақтоғай ауылындағы колледж ғимаратының акт залында өтеді.
Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Өтініштерді жұмыс күндері сағат 09:00–18:30 аралығында (түскі үзіліс 13:00–14:30) (8-71037) 2-10-66 телефоны арқылы немесе aktogai@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігі

