Тазалық әрбір адамның өзінен бастау алуы тиіс

Просмотров: 32

«Біз қалалар мен ауылдарды абаттандыруымыз қажет.Әрбір үй,аула тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдердің де,жұртшылықтың да назарынан тыс қалмауы тиіс. Саламатты әрі жайлы орта қалыптастырамыз десек,азаматтар барынша белсенділік танытуы керек. Бұл – жалпы азаматтық мәдениетіміздің деңгейін, керек десеңіз ұлтымызды тазалыққа ұйыстырудың бірден-бір кепілі» – деген болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Біз өз елімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Мейлі ол көше, аула немесе үйлердің кіреберісі болсын, бәріне ұқыпты қарауымыз қажет. Вандалдармен табанды түрде күресу керек. Әр нәрсенің шегі бар. Әйтпесе, бәрін бүлдіріп алып,кейіннен кешірім сұрайды. Елімізде тәртіп болуы керек. Заңды сақтап,оған бағынуымыз қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде былай деген болатын – «Біздің басты байлығымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды».
Сол үшін де әрбір еліміздің кез-келген жастағы азаматтары мен азаматшалары өз Отанымыз үшін қолынан келгенше өзі тұратын ауласы мен көшесін,үйлері мен үйлерінің кіреберістеріне болсын ұқыпты қарап тазалық жұмыстарына қатты көңіл бөлулері керек.
Біздің халықта жақсы бір сөз бар «Тазалық – денсаулықтың кепілі» – деген. Олай болса «Таза Қазақстан жалпыұлттық эколлогиялық науқаны» барлық жастағылар үшін және де әрбір отбасы мен ошақ қасынан бастау алуы тиіс тазалық жұмыстары болуы керек, деп білемін.
Жалпыұлттық экологиялық науқаннан ешкім де шет қалмауы керек, сонымен қатар бұл жұмыс тек қана «Жасыл ел» қоғамдық ұйымына ғана тиісті деп түсіну де өте қате пікір деп білемін. Отбасында баланы кішкентайынан тек қана еңбек етуге, шыдамдылық пенен ұстамдылыққа қиындыққа төзе білуге тәрбиелесе ол баланың болашағынан үлкен үміт күтуге болатыны жайында халық жазушысы, әрі ұлы тұлға – Әзілхан Нұршайықов ағамыз өз кезінде былай деп- айтып кеткен болатын «Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады».
Иә,өте орынды айтылған әрі нақты тұжырым. «Еңбектің наны тәтті – жалқаудың жаны тәтті», «Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей» – деген Абай Құнанбайұлы атамыздан қалған ұлағатты жақсы сөз қалған. Өлді деуге болама,айтыңдаршы өлмейтұғын артында сөзбенен із қалдырса. Ендеше құрметті Теміртау қаласының тұрғындары Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық акциясын» қолдап қолымыздан келгенше өз қаламыз, үйіміз,ауламыз, жұмыс орнымызды таза әрі ұқыпты ұстауға өз үлесімізді қосуға барлықтарыңызды шақырамын!!!

Құрманшәді Оразымбетов,
Тұңғыш Президенттің
тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған