Қарағандыда газ жарылып, үш адам зардап шекті
2024 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында ауаға тараған газдан жарылыс болды, деп хабарлайды 247media.kz
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Природный көшесінің бойында газ-ауа қоспасының тарсылы болды. Салдарынан үш ер адам зардап шекті. Олардың екеуі – «Хантер газ», тағы бірі – «ГазВей» компаниясының қызметкерлері.
«ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл бригадасы оқиға орнында бір зардап шеккен адамға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді».