Қазақстандық журналистер теннистен 2024 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Просмотров: 14
Херцег-Нови қаласында (Черногория) БАҚ қызметкерлері арасында 46-шы әлемдік біріншілік аяқталды. Онда Қазақстан өкілдері бес жүлделі орынға ие болды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде, деп хабарлайды 247media.kz

Әлемнің 14 елінен 60-тан астам журналистің қатысуымен өткен Халықаралық теннис турнирі бес күнге созылды.

Қазақстан құрамасының намысын отандық БАҚ-тың бес өкілі қорғады:

  • Қуандық Шынасылов (Zakon.kz),
  • Талғат Қалиақпаров (КТК),
  • Сәби Байбосынов (Хабар),
  • Данил Москаленко («Atameken Business» Медиа холдингі)
  • Галина Выборнова (Комсомольская правда – Қазақстан)Жарыста әртүрлі жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынды.

    Додада жұлдызы жанғандардың бірі — Сәби Байбосынов болды. Ол миксте «алтын», жекелей сында «күміс» және жұптық кездесуде «қола» медаль иегері атанды.

    «Мастерсте» осы турнирдің қола жүлдесін Қуандық Шынасылов иеленді.Ал Галина Выборнова әйелдер арасында ешкімге есе жібермей, біріншілікті қанжығасына байлады. (Фьючерстер).Сонымен қатар, ұйымдастырушылардан Талғат Қалиақпаров («жеңіске деген ерігі үшін») және Данил Москаленко («әдемі ойын») арнайы сыйлықтарын алды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы бес марапатқа ие болды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола.

    Бұған дейін Елена Рыбакинаның кезекті турнирден шығып қалу себебі белгілі болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған