Қарағандылық алты спортшы грепплингтен әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Просмотров: 31

Қарағандылықспортшылар грепплингтен әлем чемпионатында екі күміс және алты қола жүлдеге ие болды. Халықаралық біріншілік Астанада өтті. Жарысқа 30 елден 1800 спортшы қатысты. Жалпы балуандар арасында 218 салмақ дәрежесінде 872 медаль ойнатылды.

Қазақстан құрамасы бірден үш жас санатында – U15, U17 және U20 медальдық есепті басқарды. Қазақстандықтар қоржынға 88 медаль салды, оның ішінде 16 алтын бар. Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми сайтында хабарлады.

Қазақстан жастар құрамасы турнирді қазіргі әлем чемпионы ретінде өткізді. Астанада сәтті өнер көрсеткеннен кейін команда көшбасшылықты сақтап қалды. Ересектер арасындағы жарыстың соңғы күнінде де Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Біздің спортшылар 13 медаль (төрт алтын) жеңіп алды. Үздік үштікке Польша мен АҚШ командалары да кірді.

Қарағандылықтар да ерекшеленді. Екі медаль – күміс және қола – Варвара Шкуропат пен Сергей Тымченкода. Үшінші орынды Дмитрий Романенко, Мадияр Серікбай, Мақсат Ибрагимов және Владимир Шмаргалев иеленді.

– Біздің команда керемет нәтиже көрсетті деп санаймын. Осындай ауқымды біріншілікте және үлкен бәсекелестікте сегіз медаль жеңгеніміз өте жақсы көрсеткіш! – деді Қарағанды грепплинг федерациясының басшысы және аға жаттықтырушы Вадим Брамонтов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған