Ерлік танықтан офицер ерлігі үшін медалін иеленді
Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Республика күні мерекесі қарсаңында «Әскери және қызметтік борыштарын үлгілі орындаған, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында көрсеткен ерліктері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар марапаттау барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімі әскери полиция бөлімінің аға офицері лейтенант Рустемов Алимжан «Ерлігі үшін» медалін иеленді.
Естеіңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 маусым күні Рустемов Алимжан өз үйінің ауласында, көпқабатты үйдің 5 ші этажынан секірмек болған жас қызды байқаған. Көп ойланбастан ұландық кішкентай қызды сөзге тартып, көмектескен болатын.
- Мен бұл жағдайды ерлікке жатқызбаймын. Себебі, бұл біздің қызмет. Біз еліміздің әрбір тұрғынына қолымыздан келгенше көмек көрсету керекпіз. Ал, бүгінгі маған берілген медаль мен үшін ерекше болып қала береді-деп атап өтті Алимжан Рустемов.
Сондай-ақ, бүгінгі іс-шара барысында, басқада офицерлер, «Айбын», «Ерлігі үшін» «Даңқ» ордендерімен марапатталды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі