25 қазан – Республика күні: мерекенің шығу тарихы мен саяси маңызы

Просмотров: 10
Араға 13 жыл салып, қазақстандықтар 25 қазанда тағы да мемлекеттік мерекені тойлай бастады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республика күні күнтізбеде қызыл түске боялып, ұлттық мереке мәртебесіне ие болды. Оның тарихи маңыздылығын сарапшылар да атап көрсетеді.

Мерекенің шығу тарихы да араға уақыт салып, дамып отырды. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Осы оқиғаның құрметіне 1995 жылы 25 Қазан ұлттық мереке – Республика күні болып жарияланды. 2001 жылғы желтоқсанда Республика күніне мемлекеттік мереке мәртебесі берілді.

Алайда 2009 жылы мемлекеттік егемендікті декларациялау аралық кезең болып санала бастады. Бұл уақытта Тәуелсіздік күніне басымдық берілді. Сондықтан, 2009 жылғы сәуірде Республика күнін мерекелеу тоқтатылып, қазақстандықтардың назарын Тәуелсіздік күніне аударды.

2022 жылғы маусымда Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуді қалпына келтіруді және оған ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Сол жылдың 29 қыркүйегінде Мемлекет басшысы тиісті түзетулермен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мереке мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Президент өз шешімін Республика күні елдің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс деп түсіндірді. Сонымен бірге Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталып, ол басты ұлттық мереке болып қала берді. Бірақ оның мағынасы өзгерді, енді Тәуелсіздік күні-тәуелсіздікке айтарлықтай үлес қосқан ұлттық батырларды еске алу күні.

2022 жылдың қыркүйегінде еліміздегі басты мерекелерге қатысты «ҚР-дағы мерекелер туралы» республикалық заңға өзгерістер енгізілді. Осы сәттен бастап республика күні күнтізбеде қызыл түске боялды.

Республика Күні мерекесінің маңыздылығы туралы айта келе, саясаттанушы, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев бұл күн еліміздің Тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған күн деп есептейтінін айтты.

«Сондықтан 25 қазан айтарлықтай маңызды күн. Бірінші кезекте егемендік негізі дәл осы күні қаланды. Егер біз 16 желтоқсанға қарайтын болсақ, бұл күннің өзі 1986 жылы болған қайғылы оқиғалармен сәйкес келеді. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздік күні әрқашан аза тұту күндерімен қатар жүреді. Ал, 25 қазанда ешқандай жағымсыз оқиғалар болмаған. Қазақстандықтар оны өте жақсы және қайырлы мереке ретінде қабылдайды. Егемендіктің шынайылығы осыдан басталады», – деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Республика күні қоғамға елдің тарихын және жалпы тәуелсіздік алу жолын жақсы түсінуге септігін тигізеді.

«Мерекелер патриотизмнің қалыптасуына ықпал етеді. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары үшін, әсіресе өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызды», – деді саясаттанушы.

Бұған дейін Мемлекет басшысының ел тұрғындарын Республика күнімен құттықтағаны хабарланған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған