Қарағандыда Республика күні мемлекеттік ту көтерілді

Просмотров: 19

Республика күні Қарағандыдағы Ту тұғырының алаңында мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті. Оған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты.

– Бүгін ту көтеру және әнұран орындау – біздің бірлігімізге, жерімізге, елімізге құрмет. Біздің болашағымыз біздің қолымызда екенін еске сала отырып, Қазақстан туы әрқашан биікте желбіресін! – деді аймақ басшысы.

Туды көтеру кезінде алаңға қатысқандардың барлығы елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Ту көтеру салтанаты Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында да өтті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған