Петропавлда әскери қызметкер қызметтік итті қолдану арқылы қырағылық танытты

Просмотров: 6

     Ағымдағы жылдың 13 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері ефрейтор Сүлейменов Санат өзінің Диг есімді қызметтік итімен қырағылық танытты.  Оқиға 13 қараша күні сағат 15:30 кезінде көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде орын алады. ІІМ қызметкерлерімен бірге, тексеру жұмыстарына келген ұландықтың қызметтік иті, тексеріс барысында бөгде бір иісті сезе бастайды.

Бөгде иісті сезген Диг есімді қызметтік ит бірден ұландыққа дыбыс арқылы хабар береді. Дәл сол сәтте, ұландық бір бөлмелі пәтерден ас үйдегі газ плитасының астынан ақ түсті өткір иісті зат тәркілейді. Қазіргі табылған затқа сәйкес, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

                                                           ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған