ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік орган басшыларының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары қарастырылды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері, сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар қарастырылды.
Кеңес мүшелері өздерінің тараптарынан мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-әдеп қасиеттерін қалыптастыру, бұзушылықтарды болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуына байланысты профилактикалық ұсынымдар берді.