Елорда атауы қайта өзгермек
Ел арасында Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауын қайтаруды сұраушылар көп. Осыған орай, Мәжіліс депутаттары елорданың Нұр-Сұлтан атауын өзгерту туралы ұсыныс білдіргенді. Халық қалаулыларының ұсынысын Президент қабылдап, Конституциялық заң жобасына енгізді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
– Өздеріңіз білетіндей, Парламенттің бір топ депутаты Астананың бұрынғы атауын Қазақстанның елордасына қайтаруды ұсынған болатын. Бұл бастама туралы депутаттар президентті хабардар етті, олар өз кезегінде халықпен кездесулер барысында бірнеше рет айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ, референдум кезіндегі азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.
Парламентарийлердің ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген. Бұл ретте Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданы қалыптастыруда. Сондықтан тұңғыш президенттің атымен аталған басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы керек, – деді Руслан Желдібай.
Өз тілшімізден.