Президент Жолдауын жүзеге асыру: Үкімет моноқалаларды дамыту жөнінде шаралар қабылдауда

Просмотров: 14

Үкімет моноқалаларды дамыту бойынша шаралар әзірледі. Атап айтқанда, индустриялық аймақтар құру, елішілік құндылықты арттыру бағдарламаларын енгізу, шағын және орта бизнесті дамыту, ірі кәсіпорындар мен жергілікті өндірушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау және тағы да басқа шаралар қамтылған.

«Алатау қаласын қалыптастыру және дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, Қаланың бас жоспары бекітілді, қала аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылды, сондай-ақ жобалық құжаттама әзірленуде»,

— деп атап өтті Б.Омарбеков.

Оның айтуынша, ауылдық аймақтарды дамыту мақсатында барлық мемлекеттік қолдау шараларын ілеспе жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған