Әскери бөлімдердегі тәртіп пен жауынгерлік деңгейі бағаланды
Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығында биылғы оқу-жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес бірқатар әскери бөлімдерде кешенді инспекторлық тексеріс өткізілді. Тексеріс 6505, 5451, 6637, 6697 әскери бөлімдерінде және өңірлік қолбасшылық штабында өтті.
Инспекторлық топ құрамына Бас қолбасшылықтан арнайы келген тәжірибелі офицерлер енді. Олар әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін, жеке құрамның кәсіби дайындығын, техникалық қамтамасыз ету деңгейін және құжаттамалық тәртіпті жан-жақты бағалады.
Тексеру барысында төмендегі негізгі бағыттар қамтылды ,саптық дайындық – саптық жүріс, қаруды қолдану ережелері, бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылдары, оқу атыстары мен атыс дайындығы – қару-жарақты қолдану дағдылары, нысанаға дәл көздеу, тактикалық жағдайларда әрекет ету, жеке құрам құжаттамасы – жеке істердің толықтығы, әскери есептің жүргізілуі, командирлік бақылаудың сапасы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қару-жарақтың, арнайы техника мен жабдықтың жарамдылығы, тәртіп пен әскери заңдылықтың сақталуы.
Инспекторлық топ офицерлері әр бөлімшенің күнделікті қызметті ұйымдастыру деңгейіне, командирлердің басшылық ету әдістеріне және жеке құрамның моральдық-психологиялық дайындығына назар аударды. Тексеру қорытындысына сәйкес, 6505, 5451, 6637 және 6697 әскери бөлімдерінің жеке құрамы оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға әзір екендігін көрсетті. Әскери қызметшілер жоғары тәртіптілігін, жинақылығын және жауапкершілігін дәлелдеді.
Қорытынды жиналыста инспекторлық топ әскери бөлімдердегі оң нәтижелерді атап өтіп, бірқатар бағыттар бойынша ұсыныстар берді. Әсіресе жауынгерлік дайындықты жетілдіру, кәсіби біліктілікті арттыру және материалдық базаны күшейту маңызды екені айтылды.
Инспекторлық тексеріс – Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қызметін жетілдірудің маңызды құралы. Биылғы тексеріс бірқатар бөлімдердің жоғары әзірлікте екенін көрсетті. Бұл – әскери қызметшілердің тәртіпке, әскери борышқа және ел қауіпсіздігіне деген адалдықтарының айқын дәлелі.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
