Қарағанды облысында зейнеткердің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті анықталды

Просмотров: 18
Қарағанды облысында үйге келген қонақтың алтын бұйымдарын ұрлап кеткен аудан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды 247media.kz

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен аудан тұрғынын ұстады.

Күдікті азаматша өзінің туысқандарының үйіне келген 72 жастағы зейнеткердің алаңсыз отырған сәтін пайдаланып, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Зейнеткерге 350 мың теңге шығын келтірілді. Күдікті қылмысын мойындады, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған