Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының орынбасарлары көбейеді

Просмотров: 46
ҚНРДА Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жұмысына өзгерістер енгізілетін ҚР Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды 247media.kz

Атап айтқанда, Агенттік Төрағасының орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш адамнан төрт адамға дейін ұлғайту ұсынылады.

Жарлық жобасымен енгізілетін түзетулер Агенттіктің өзіне жүктелген функцияларды тиімді орындауына ықпал ететіні нақтыланды.

Құжат 14 тамызға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған