Қазақстанда ұялы байланыс пен интернеттің бағасы көтерілді

Просмотров: 47
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 тамызында тауарлар мен қызметтердің бағасы қалай өзгергені туралы айтты, деп хабарлайды 247media.kz

2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.

Бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.

Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.

Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп – 7,5%, пияз – 7,3% өсті. Темекі өнімдері – 3,8%, минералды су 1,6% өсті.

Бір ай ішінде арзандаған тауарлар ішінде қызанақ бағасы 18,2% төмендеді, тәтті бұрыш – 11,2%, қызылша – 6,3%, қияр – 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төмені Қостанай облысында – 0,2%.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Павлодар облысында – 1%, азық-түлік емес тауарлары бойынша Түркістан облысында 2,1%, ақылы қызметтер бойынша Жамбыл облысында – 4,4%.

2024 жылғы шілдеде жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 14,5%, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 7,3%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы шілдесімен салыстырғанда тарифтер су бұруға 42,7%, суық суға – 36,5%, орталық жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31%, ыстық суға – 29,6%, қоқыс шығаруға 25,1% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері 11,4%, байланыс қызметтері 10,7% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы 59,4%, белсендірілген көмірге – 32,1%, хилак фортеге – 25,4%, парацетамолға 19,8% өсті.

Банан – 29,9%, жүзім – 26,6%, қияр – 23,5%, зәйтүн майы 20,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде пияз 34,8%, қарақұмық жармасы – 22,1%, күнбағыс майы – 20,8%, қырыққабат 19% арзандады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған