Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Просмотров: 7
2024 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды 247media.kz

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты, сондай-ақ Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күндерімен құттықтап, жеделхаттар жолдады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған