Қазақстан экономикасы халықаралық рейтингте жақсы көрсеткішке ие болды

Просмотров: 30
2024 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан «тұрақты» болжамымен Moody’ s – Baa1 халықаралық рейтинг агенттігінің шкаласы бойынша өз тарихындағы ең жоғары рейтингке ие болды.

Бұл елдің ең үлкен экономикалық жетістігі. Қазақстандық сарапшылар бұл өсімді рейтингте көптен күткен және сонымен бірге өте жауапты оқиға ретінде қабылдады. Мәселен, экономист Расул Рысмамбетов Қазақстан жақын арада ең жоғары нәтиежелер көрсетуі мүмкін деп есептейді.

«Менің айтарым бұл — керемет жаңалық! Келесі кезең – A3. Мен Moody ‘s рейтингі ашық және дәл екеніне сенімдімін».Расул Рысмамбетов

Әлемде тек үш беделді рейтингтік агенттік бар – Moody ‘ s, S&P және Fitch.

«2008 жылғы оқиғалар мен ипотекалық өзгерістерден кейін үлкен рейтингтік үштік ұзақ уақыт бойы несиелік ұпайларға қате көзқараспен келді. Қазір агенттіктер сәл пессимистік көзқараста. Moody ‘ s рейтингіндегі Baa1 деңгейі — бұл шамамен S&P-де BBB немесе BBB+ деңгейіне тең».Расул Рысмамбетов

Қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев Moody ‘ s service агенттігі Қазақстан үшін арнайы белгілеп берген қазіргі тәуекелдерге назар аударды.

Агенттік Қазақстанның деңгейінің жоғарлауын, еліміздің экономиксын әртараптандырудағы жетістіктері себеп болғанын түсіндірді. Қазақстан көмірсутектерге тәуелділігін азайтуда және АКТ секторын, өңдеу өнеркәсібін және көлік инфрақұрылымын дамытуда. Сарапшылардың пайымдауынша, институционалдық және экономикалық реформалар Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, экономиканы әртараптандыру процесін жеделдете алады.

«Екінші жағынан, аймақтық геосаясаттың айтарлықтай нашарлауы және ықтимал қайталама санкциялар негізгі тәуекелдер болып қала береді».

Moody ‘ s Көлік және логистика секторын дамыту экономиканы әртараптандырудың негізгі драйверлерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл Транскаспий халықаралық сауда бағыты (ТМТМ) бойынша жүк транзитінің өсуімен тығыз байланысты.

«Ресейге қарсы санкциялар аймақтағы жеткізу тізбегін айтарлықтай өзгертті және автомобиль, фармацевтика, тамақ өнімдерін қайта өңдеу және құрылыс материалдарын өндіруге инвестиция салуға дайын шетелдік компаниялар тарапынан Қазақстанның маңыздылығын арттырды».Андрей Чеботарев

Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азиядағы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жобалары бойынша Сингапурмен, Ұлыбританиямен және Германиямен бірнеше келісімдер жасай отырып, аса маңызды шикізат материалдарына өсіп келе жатқан жаһандық сұраныстан пайда көреді.

2024 жылдың шілдесінде Ұлттық қордың активтері 61,1 миллиард доллардан асты, бұл 2024 жылға арналған болжамды номиналды ЖІӨ-нің шамамен 21% құрайды.

Агенттікте Қазақстанның рейтингте төмендеуіне алып келетін бірнеше факторлар да айтылды. Бұл Қазақстанның экономикалық және фискалдық көрсеткіштерінің елеулі және ұзақ мерзімді нашарлауы кезінде мүмкін болады. Мұның себебі мұнай өндірудің төмендеуі және оның экспортының қысқаруы, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі шеше алмайтын мұнай бағасының күрт төмендеуі болуы мүмкін, деп есептейді сарапшылар.

Ішкі саяси тәуекелдердің күшеюі және әлеуметтік шиеленістің қайта басталуы рейтингке қысым жасайды, өйткені бұл оқиғалар мұнай бағасына және шетелдік инвестициялардың келуіне теріс әсер етеді.

Бұған дейін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана беру Қазақстан экономикасын неге әкеліп тірейтіндінін жаздық.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған