ҰЭМ басшысы жаңа Салық кодексі қашан күшіне енетіндігін айтты

Просмотров: 26
Қазақстан Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы 10 қыркүйектегі Үкімет отырысында еліміздің жаңа Салық кодексі неге бағытталатынын айтты, деп хабарлайды 247media.kz

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру, бюджет тапшылығын жабудың өтемдік тетіктерін енгізу, Ұлттық қордың активтерін басқару тиімділігін арттыру мәселелерін қамтитын бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

«2026 жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі», — деп толықтырды Нұрлан Байбазаров.

Оның негізгі міндеттері:

  • кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру;
  • жеке табыс салығы (ЖТС) ставкаларын саралау;
  • мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбай салық берешегі шегін ұлғайту;
  • тек салық берешегі шегінде шектеулер қою;
  • кепілмен қамтамасыз етусіз салықтар бойынша берешекті төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді ұсыну және басқа да бірқатар пәрменді шаралар.

    «Жаңа салық заңнамасының басты міндеті-мемлекеттің қажеттіліктері мен бизнес мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікті сақтау. 2025 жылдың соңына дейін салықтық әкімшілендірудің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу көзделеді. Бұдан басқа, шекара маңындағы кеден бекеттері бойынша жұмыстарды аяқтауға, сондай – ақ кірістердің заңсыз «ағынына» жол бермеуге бағытталған шаралар кешені іске асырылатын болады», — деп сендірді Нұрлан Байбазаров.

    Сондай-ақ, ҰЭМ басшысының айтуынша, активтерді қайтару жөніндегі заңнамаға түзетулер бойынша жұмыс шеңберінде оларды ерікті негізде, сондай-ақ ел экономикасына инвестициялау жолымен қайтару тетіктері пысықталатын болады.

    Сондай-ақ, жер учаскелерін қайтару рәсімін оңайлату жоспарлануда.

    Бұған дейін «Сұр» жанармай экспортына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілетіндігі хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған