Қазақстан Судан астанасындағы БАӘ елшісінің резиденциясына әуе шабуылын айыптады

Просмотров: 7
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 247media.kz

Сыртқы істер министрлігі Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптады.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз», – делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге ведомство мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған