Дюкер құрылысы басталды

Просмотров: 34

Жобалау жұмыстарының аяқталуын және сараптаманың оң қорытындысын алуды назарға ала отырып, “Темір-Нұр 2030” ЖШС Нұра өзені арқылы оң жағалауға қарай “нөлдік көтерілуден” дюкер салу бойынша жұмыстарға кірісті.

«Өздеріңіз білетіндей, аталған учаске ағымдағы жылдың 29 наурызында көктемгі су тасқыны кезеңінде Самарқанд су қоймасынан су ағызу көлемінің күрт ұлғаюы салдарынан зақымдалған. Жарияланған табиғи сипаттағы ТЖ шеңберінде салынған уақытша су құбыры өз жұмысын сумен жабдықтаудың штаттық схе-масы толық қалпына келтірілгенге дейін жалғастырады», – деді қала әкімі Ораз Тәуірбеков.
Жобалық шешімге сәйкес, жаңа дюкер диаметрі 225 мм болатын негізгі және резервтік су құбырларынан тұрады. Оларды орналастыру өзен арнасынан кемінде 4 метр тереңдікте ГНБ әдісімен жүзеге асырылады.
Тамыз айының соңына дейін негізгі бөлігі аяқталып, жұмысқа қосылады, одан әрі резервтік желінің құры-лысы жалғасады.
Жұмыстардың сапасы авторлық (“ЭнергоИнформПроект” ЖШС) және техникалық (КазЦентрЭкспертиза ЖШС) бақылаулармен қамтамасыз етіледі.
Өз тілшімізден.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған