Елордада тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды

Просмотров: 39
Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды 247media.kz

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған