Ұландықтар жауынгерлік самбодан чемпионат жеңімпазы атанды

Просмотров: 20

10-12 қазан аралығында Шымкентте самбодан құқық қорғау органдары арасында “Динамо” спорт клубының чемпионаты өтті.

Аталмыш жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қатысты. Айта кету керек, 64 келі салмақ дәрежесінде қатардағы Әділ Елемесов қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.
— Додаға тоқталар болсақ, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жауынгерлердің ішінен оза шабу оңай болған жоқ. Десек те, көп жылғы еңбек пен жаттықтырушымның кеңестері маған мықты көмектесті, – дейді жеңімпаз жауынгер Елемесов.

Сонымен қатар, жарыста қнер көрсеткен тағы бір ұландық сарбаз қатардағы Сапар Болат 98 келі салмақ дәрежесінде, тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.
Жарыс соңында жеңімпаз атанған спортшыларға арнайы грамоталар мен медальдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған