ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының ұлттық тәжірибесі және халықаралық практика» тақырыбында жас ғалымдар форумы

Просмотров: 65

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының ұлттық тәжірибесі және халықаралық практика» тақырыбында жас ғалымдардың форумы өткізілді.

Форум жұмысы ZOOM платформасы арқылы қашықтан қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту болды.

Іс-шараның алғы сөзін Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Е.Д. Намысов ашып, Форум жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының өкілдері, атап айтқанда Өзбекстан Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік университетінің, Ресей Федерациясы ІІМ жоғары оқу орындарының және Қазақстан Республикасының ведомстволық оқу орындарының басшылық құрам өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Форум барысында келесі негізгі бағыттар бойынша ғылыми баяндамалар тыңдалды:

– құқық қорғау органдары қызметін жетілдіру мәселелері;

– әкімшілік құқық нормаларын қолдану практикасы;

– қылмыстық құқық және қылмыстық процестің өзекті мәселелері;

– цифрлық криминалистика мен киберқауіпсіздік;

– жастарды құқықтық тәрбиелеу мәселелері.

Ғылыми пікірталас барысында қатысушылар ұлттық жобалардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ қылмыстық процестегі құқықтарды қорғау мәселелерін кеңінен талқылады.

Форум жұмысына Қазақстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінен жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Баяндамалардың бірқатары онлайн форматта ұсынылды, бұл халықаралық ғылыми байланыстың кеңеюіне мүмкіндік берді. Форум аясында ғылыми жұмыстардың сапасын арттыру және жас зерттеушілерді ынталандыру мақсатында «Үздік ғылыми мақала – 2026» байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде қатысушылардың ғылыми жаңашылдығы, зерттеу сапасы және әдіснамалық деңгейі жоғары бағаланып, жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Форум аясында өткізілген «Үздік ғылыми мақала – 2026» байқауының қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

I орын Жаксылыкова Наргиз Болатбековна – Қарағанды академиясы ІІМ Б. Бейсенов атындағы криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция капитаны.

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері».

II орын Шаухар Данияр Қанатұлы – Қарағанды академиясы ІІМ Б. Бейсенов атындағы қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция капитаны.

Тақырыбы: «Қылмыстық процесте қатысушылардың құқықтарын қорғаудың отандық және халықаралық көздері».

Сабиева Мира Муратовна – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранты, полиция капитаны.

Тақырыбы: «Ұлттық жобалардағы жымқырудың алдын алу ретінде ашықтық, қоғамды тарту және бақылау».

III орын Кадырова Камила Тілеуқанқызы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранты, полиция аға лейтенанты.

Тақырыбы: «Шет елдердің қылмыстық іс жүргізуіндегі электрондық дәлелдемелерді құқықтық реттеудің кейбір мәселелері».

Е. Толениш – Қарағанды облысы білім басқармасы Абай ауданы білім бөлімінің «Есенгелді жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі.

Тақырыбы: «Бұлттық технологиялардағы деректердің қауіпсіздігі және оларды заңсыз иемденудің алдын алу».

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Қорытындылай келе, аталған Форум құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және заманауи сын-қатерлерге жауап беретін тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған