Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Просмотров: 49

ПАРИЖ. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен белдесіп, екінші жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 66 салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырған болатын.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері. Кеше, 27 шілдеде Париж татамиіне қазақстандық екі дзюдошы шыққан еді. Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта Швеция өкілі Тара Бабулфаттан жеңіліп,  алғашқы Олимпиадасын 5-орынмен аяқтады.

Ал Елдос Сметов (60 кг) финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған