Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты

Просмотров: 30
Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов 6 тамызда Жазғы Олимпиада ойындарында құзға өрмелеуде өнер көрсетті, деп хабарлайды 247media.kz

Іріктеу сайысында Маймұратов 4,89 секунд нәтиже көрсетіп, Олимпия ойындарының рекордын жаңартты.

Айта кетейік, Әмір осы бағдарламада Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының жалғыз спортшысы.

Ол ең кейінгі әлем чемпионатында 27-ші, Азия ойындарында жетінші орынға ие болған еді.

Сондай-ақ, бүгін, 6 тамызда сынға түскен қазақстандық балуан Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды. 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған