Қарағандыда ерекше кітапхана ашылды
Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Республика күні «Өлкетану» кітапханасы ашылды. Ол шыны киіз үй түріндегі ерекше дизайнымен ерекшеленеді және оқу мен бос уақытты өткізудің әртүрлі мүмкіндіктерін ұсынады.
Заманауи кітапханада тек кітап оқып қана қоймай, уақытты тиімді өткізуге болады: үстел ойындары, домбыра, караоке бар. Шеберлік сабақтар, қызықты және табысты адамдармен кездесулер өтеді. Мұның бәрі тегін.
– Кітапхана өлкетану бағыты бойынша жұмыс істейді. Мұнда жергілікті жазушылармен кездесулер өткізіліп, республикамызда тұратын адамдардың шығармашылығы туралы айтылады. Әсіресе балаларға патриоттық тәрбие беру үшін жазатын жазушылардың шығармашылығы таныстырылады. Біз балалар әдебиетінің, тарихи кітап қорын жинадық, – дейді Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлжан Ахметкәрімова. – Мұнда сіз бүкіл отбасыңызбен келіп, оқи аласыз. Эссе жазу үшін компьютерлер мен интернетті пайдалуға болады. Бізде мобильді кітапхана да бар. QR сканерлеп, электронды кітапты өзіңізбен бірге ала аласыз.
Кітапханада оқу залы да, абонемент те жұмыс істейді. Тұрақты оқырман болу және кітаптарды өзіңізбен бірге алу үшін жазылу керек. Кітапхана сейсенбіден жексенбіге дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс – дүйсенбі. Ол кішкентай балаларға да, ересек аудиторияға да арналған.