Республика күніне орай футзалдан турнир өткізілді.

Просмотров: 14

2024 жылғы 24 қазанда «ТАУ» спорт кешенінде Теміртау қаласы гарнизонының азаматтық қорғау органдары арасында Республика күніне орай футзалдан турнир өткізілді.


Жарыс қатысушыларына құттықтау сөздерін арнап Теміртау қ. ТЖ Басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Интуев Н.С. сөз сөйледі.
Қызықты және тартысты жарыстың қорытындысы бойынша 2-МӨСБ командасы жеңімпаз атанданды, екінші орынға 23-ӨСБ командасы ие болды, үшінші орынды Теміртау қаласының ТЖ Басқармасы командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған