Мопед жүргізушісінің қандай құжаттары болуы керек?

Просмотров: 27

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек заңға сәйкес әрбір мопед тізгіндейтін жүргізушіде болуы керек құжаттар тізімін атады, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілі қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мопед иелерін жүргізуші куәлігін алуға және көлік құралдарын тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойғанын еске салды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасы санын азайтуға бағытталған.

Заңға сәйкес мопед жүргізушісінің мына құжаттары болуы шарт:

  • А1 санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • Көлік құралы тіркелген болуы керек, сәйкесінше мемлекеттік нөмір;
  • Жүргізушілердің жауапкершілігі міндетті түрде сақтандырылуы керек.Ал мопедті тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
    • Жеке басты куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда);
    • Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген КҚТК және МТНБ бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;
    • Егер бар болса, техникалық құжат немесе ашық көздерден алынған мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
    • Меншік иесінің өтініші;
    • Көлік құралын тексеру актісі.

    Мопед рамасының нөмірі болмаған жағдайда, сәйкестендіру нөмірін тіркеуге дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді.

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған