Журналистер жасанды интеллектімен жақын танысты

Просмотров: 27

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде Түркітілдес журналистер қоры мен “Шеврон” компаниясының серіктестігінде ұйымдастырылған семинар-тренингте қазақ журналистерінің қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілі үйретілді.

Алматыдағы American Space & Makerspace Almaty орталығында республиканың барлық аймағынан келген журналистер, пиаршылар мен баспасөз хатшылары жасанды интеллектімен жақын танысуға мүмкіндік алып, тәжірибе жүзінде қолданып көрді.

«Жасанды интеллект» тақырыбындағы тренингке қатысқан БАҚ өкілдері заманауи қосымшалар туралы мағлұмат алып, әртүрлі жасанды интеллектінің көмегі арқылы қазақ тіліндегі аудиомәтінін әлемнің кез келген тілінде сөйлетіп, қиялындағы фотоколлажды шығарудың жолын үйренді.

Мәселен, жасанды интеллект жазушы жылдап ойланып-толғанып жазатын роман түгілі, әннің шумақтарын бірер сағатта-ақ жазып бере салады екен. Яғни адамның қалауын білетін ЖИ жадында жиналған ақпараттарды адамдардың өзіне қажеттілікке жарайтын дүниелермен толықтырып береді. Қазір жаһан жұрты жасанды интеллектінің рахатын көріп, өз игіліктері үшін тиімді пайдаланып жатыр. Семинар-тренингтің де мақсаты сол, қалам ұстаған қауымның ЖИ-мен жақын танысып, жұмыс барысында тиімді қолдануды үйрету. Алайда бұл адам миын жасанды жады алмастырады деген сөз емес. Өйткені жасанды интеллект ақпаратты әлі де болса толық әрі сапалы етіп өңдей алмауы мүмкін.Мұндағы кез келген сапалы ақпарат математикалық модель түрінде ұсынылатынын естен шығармаған дұрыс. Сондықтан ЖИ-нің тез арада дайындап берген ақпаратын қайта тексеріп, жеті рет өлшеп алған артық етпейді. Дегенмен ЖИ ақпаратты аз уақыт ішінде есте сақтап, өңдей білуімен қабілетті . Сол үшін заманың түлкі болса, тазы болып шалудың тәсілін үйреніп, бүгінгі күннің техника тілін меңгеру кез келген салада қажетке жарайтыны анық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған