ЖАС БУЫНҒА-ЖАҢА ТАЛАП
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілі мемлекеттік қызметке жастарды тарту мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің соңғы курс студенттерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметтің артықшылықтары және мемлекеттік қызметке кіру бойынша енгізілген өзгерістер туралы мағлұматтар берілді.
Кездесуді қорытындылай келе, Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы Д. Абдрахманов болашақ түлектерге сәттілік тілеп, ел болашағына алаңдайтын жастарды елге қызмет етуге шақырды