Қазақстандық хоккейшілер Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
14 ақпан күні хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды 247media.kz
Кореямен болған шешуші кездесуде біздің құрама 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Мұндай оқиғаның Харбиндегі Азия ойындарының соңғы күнінде орын алғаны қуантады.
- 0:1 – Алдабергенова (Шегай, Тұрсынова) – 05:58 Г.Б.
- 0:2 – Буторина – 43:23
- 0:3 – Молдабай – 53:30
Бір күн бұрын мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.