Париж-2024: Бүгін қазақстандық спортшылар 4 спорт түрінен жүлдеге таласады

Просмотров: 35

Париж олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 4 спорт түрінен жүлдеге таласады. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынса, қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие. Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле жүлдеге таласса, дзюдодан Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова да жүлде үшін сайысқа түседі. Нысадан көздеуден іріктеу кезең 12:00-де басталса, финалдық сайыстар 13:30-да басталады. Сондай-ақ спорттық гимнастикадан Милад Карими, Нариман Курбанов, тас жолдағы велоспорттан Евгений Федоров жүлде үшін жарыс алаңына шығады.

 

Назарларыңызға бүгін жарыс алаңына шығатын өзге спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз:

Академиялық есу: Владислав Яковлев. Сағат: 12:00

Нысана көздеу: Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова. Сағат: 13:30, 15:30 – іріктеу кезең.

Теннис: Юлия Путинцева – М. Костюк (Украина). Сағат: 15:00, Александр  Бублик – Т. Фриц (АҚШ)

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко – Н. Бургос (Чили) Сағат: 00:30 (28 шілдеге қараған түні)

Бокс: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания) Сағат: 00:52 – іріктеу кезең.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған