Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.
Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.
41 жастағы Серік Сәпиев – экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.Комиссия сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтың кандидатурасын да келісті.