Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов пен QARMET компаниясының Бас директоры Вадим Басин Киокушинкай-кан каратэ бойынша Еуропа чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады.

Просмотров: 21

Турнир 6-8 қыркүйек аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында өтті. Сайысқа 25 елден шамамен 600 спортшы қатысты.

 

Қарағанды облысынан Қазақстан құрамасы сапында 5 спортшы өнер көрсетіп, 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Чемпион атанған спортшылар: Айдаров Айдос, Саматов Нұрбол, Алдабергенов Темірболат және Грушанский Артем. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бұл турнирде үшінші орынды иеленді

«Мұндай іс-шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Елеулі жеңістерге жеттіңіздер. Қазір сіздерде үлкен мүмкіндіктер мен жоспарлар бар. Еңбек етіп, табыстарға жетулеріңізге тілектеспін. Жарақатсыз жеңістер болсын! Құттықтаймын!» – деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Чемпиондарды Қарағанды облысының Киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Вадим Басин де құттықтады.

«Сіздер Еуропа чемпионатына аттанғанда біз осында жанкүйер болдық. Нәтиже бәрімізді қуантты! Бұл тек бастамасы, барлығы алда. Сіздерге денсаулық, бақыт және спортта үлкен жетістіктер тілеймін!»- деді.

Қазір спортшылар 2025 жылы Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне жолдама алу үшін 1-2 қарашада Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған