Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірінші ресми саммиті шеңберінде мемлекет басшылары “Арал мәдени саммитінің” көрмесін бірге тамашалады.
Көрмеде Арал экожүйесін қалпына келтіруге, өңірдің мәдени мұрасын сақтауға және тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған бірегей бастамалар ұсынылды.
Ұйымдастырушылар көрнекі, сенсорлық және интерактивті элементтер арқылы Арал өңірінің табиғи және мәдени байлығымен таныстыруды көздеген.






