Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын қаншалықты жақсы білесіз?

Просмотров: 30

Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын қаншалықты жақсы білесіз?

Қазақ тілі фразеологизмдерге өте бай тілдердің бірі.


Қазақ тілі – әдеби тіл. Бұл тілде тұрақты сөз тіркестері, яғни, фразеологизмдер жиі қолданылады. Мәселен, біреу қуанса, "екі езуі екі құлағына жетті" дейміз, ал қызғаныш білдірсе, "көре алмайды", "іші тар" деп мінейміз. Анығында, адамның езуі құлағына жете қоймас, ал "көре алмау" ол адамның соқырлығын білдірмейді.
Дегемен, ауызекі тілде де жиі қолданылып келген тұрақты сөз тіркестері қазір әдебиеттен де ауылын алыс салып жатқан жайы бар. Осыдан да болар, көп адам тіпті танымал тұрақты сөз тіркестерінің де мағынасын біле бермейді. Ал сіз білесіз бе?
 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған